«Ақбаян» бөбекжай балабақшасы » «Ақбаян» бөбекжай балабақшасы»
«Ақбаян» бөбекжай балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:190940008460
Қабылдау бөлімі:
+7(708) 417-38-08
"Әдіскер:
+7(708) 417-38-08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ақбаян» бөбекжай балабақшасы
13
маусым
2026

«Ақбаян» бөбекжай балабақшасы

«Ақбаян» бөбекжай балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2019 жыл балабақшаға арнап салынған.    
Балабақшаның техникалық жағдайы:
Ғимарат-2 қабатты
Ғимараттың жалпы көлемі – 747,8  кв 
Литер А. - 1 қабатты 350,5кв 
Литер В.- 2 қабатты 316,4кв
Құрылыс ауданы – 400,9 ш/м

Балабақша ауласы көгалдандырылған, серуенге арналған алаңдар мен ойын алаңдары бар.

Ғимаратта әдістемелік бөлме, психолог бөлмесі, саз-әуен залы,  медициналық арнайы бөлме, көкөніс қоймасы, азық-түлік бөлмесі бар.Балабақша сенбі, жексенбі күндерінен басқа 5 күн жұмыс істейді, жұмыс уақыты таңғы сағат 8.00 мин. кешкі сағат 18.30 мин. Оқу тілі – қазақша.

Қуаттылығы – 120, тәрбиеленушілер саны - 120.

Мақсаты: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасынегізінде балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау.

Балабақшаға 2 жас пен 6 жас аралығындағы балалар келеді.

Балалар ED-24kz базасына кезекке турады, ваучер берілген соң белгілі ережеге сәйкес топтарға орналастырылады.

2025-2026 оқу жылында балабақшада қыркүйек айынан бастап 6 топ жұмыс істейді.

Бүгінгі күнде балабақшада 9 педагог-тәрбиеші, 12 тех.қызметкер жұмыс жасайды.

Балабақша Шымкент қаласы мектепке дейінгі білім беру орындарында балаларды тәрбиелейтін, басқа балабақшалардың тәрбиешілерінің тәжірибе алмасатын білім беру мекемесі болып табылады. 

Балабақша бейнебақылау камераларымен жабдықталған, жалпы саны – 15.  Кіре берісте пандус орнатылған.  Дабыл түймесі орнатылған, тәулік бойы нысан күзетшілермен күзетіледі. Кіре беріс қақпаға   домофон орнатылған. 

Әр топ Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына сәйкес жабдықталған.


Психолог кабинетінің жабдығы: Монтессори элементтері, құм-терапиясы, құрғақ душ, доптар, балалар ас үйі.

Ән-күй залының жабдықталуы:  Проектор, музыкалық орталық.

Дене шынықтыру залы: доптар, үлкен доп, фишка, секртпе, шығыршық, бодментон, теннис, қап, кегли, арқан, ағаш баспалдақ, массаж кілемшесі, төсек пен  жабдықталған.

Балабақшада ата-аналарға арналған консультациялық пункт қызмет жасайды.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив